Қарағандылықтар дүниежүзілік білім беру акциясы — «Татарча диктантқа» («Татар диктанты») қатысты. Биыл ол он бірінші рет өткізіліп, татардың көрнекті ақыны Ғабдулла Тоқайдың туғанына 140 жыл толуына арналды.

Ақынның туған күні және Ана тілі күні — 26 сәуірде Қарағандыдағы Достық үйінде жексенбілік татар мектебінің тыңдаушылары жиналды. Ана тіліндегі диктантты 30 адам жазды. Мәтін «Туган тел» («Ана тілі») өлеңі мен Ғабдулла Тоқайдың автобиографиялық прозасынан алынған үзіндіден тұрды.
— Төртінші жыл қатарынан отбасымызбен татар тілі сабақтарына қатысып келеміз. Мұндай диктантқа алғаш рет қатысуым. Өзімді сынап көру қызықты болды, — деді қарағандылық Лилиана Аменова.

Кейбір қатысушылар басқа қалалардан арнайы келген. Диктант олардың ақын шығармашылығымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ана тілі — ұрпақтарды, тарих пен бүгінгі күнді жалғайтын маңызды құндылық. Қазақстан татарлары мен башқұрттары конгресінің Қарағанды филиалының жетекшісі Ренат Сұлтанов акцияға қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табыстады.