Ақтау мамырдағы мерекелерге 30 миллион теңге жұмсамақ

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі алдағы мамыр мерекелеріне орай облыс орталығын безендіру жұмыстарымен айналысатын мердігерді анықтау үшін конкурс жариялады.

Болашақ мердігер ұйымға мынадай міндет жүктеледі:

• 16 брендмауэр орнату;
• Билбордтарға 180 баннер дайындап орналастыру;
• 36 баннерді қайта тарту;
• Әр мерекеге 30 ту салынған себет қою (жалпы тематикалық тулар саны – 5 040);
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ілу.
Бұдан бөлек, қолданыстағы 104 ту бағанын жөндеу және LED-экрандарға арналған тақырыптық бейнероликтер әзірлеу керек.

Көрсетілген сомаға конструкцияларды орнату да, кейін алып тастау да кіреді. Олардың басым бөлігі қаланың орталық көшелеріне орналастырылады.