Жамбыл облысының бір топ тұрғыны шетелде жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырамын деген алаяқтың арбауына түсті. «Life09» ақпарат агенттігінің «Qazaqstan.tv» арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, жәбірленушілер ірі көлемде қаржылай шығынға батқан.
Оқиға осыдан бір жыл бұрын басталған. Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Англияның жылыжайларында жұмыс істеуге шақырып, жоғары табыс уәде еткен. Жарнамаға сенген 10-нан астам азамат шетелге аттану үшін делдалға 5 миллион теңгеден астам қаражат берген.
Алайда, ұшу мерзімі жақындағанда ұсынылған құжаттардың барлығы қолдан жасалғаны белгілі болды. Алданған азаматтар құқық қорғау органдарына арызданғанымен, тергеу амалдары бір жылдан бері нәтижесіз қалып отыр. Қазіргі таңда жәбірленушілер істің әділ шешілуін талап етуде.
Абайлаңыз, алаяқтар: Англиядағы жұмыс уәдесі 50 миллион теңгеден астам шығынға әкелді
Фото: Gemini ИИ