Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Отырар топырағында жерленетін болды. Бұл туралы ақынның немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады.
«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды», – деп жазды ол парақшасында.
Айбынды ақынның туған жеріне оралуы – тарихи әділдік пен ұлы тұлғаға деген құрмет.