ҰБТ жүйесіне өзгеріс: грантқа түсу тәртібі жаңарады

Фото: Life09

Келесі оқу жылынан бастап мемлекеттік грантқа үміткер мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді енді тек бір рет қана тапсырады. Бұл талап тек грантқа түсетіндерге қатысты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарды таңдаған талапкерлерге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Енді олар тек тест нәтижесімен ғана емес, қосымша ауызша емтихан арқылы да бағаланатын болады.

Айта кету керек, бұл мүлде жаңа жүйе емес. Бұған дейін педагогика мен медицина салаларында қолданылып келген бағалау тәсілдері енді жаңартылып, мазмұны жағынан жетілдіріледі.

Маңызды: өзгерістер келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді. Ал, биылғы ҰБТ бұрынғы форматта өтеді.