Елена Рыбакина екінші рет Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

Фото:

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисші ақшалай сыйлықпен қоса лимон түсті Porsche 911 Carrera S көлігін де алды.

Ол бұған дейін 2024 жылы Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанған болатын.

Бұл жолы ол финалда әлемнің 12-ші “ракеткасы” - чехиялық Каролина Мучованы 7-5, 6-1 есебімен жеңді.