Оқиға «Ақбілек-орда» бөбекжайында тіркелген. Өрт екі қабатты ғимараттың жертөле бөлігінде тұтанған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Тұрғындар мен қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында 93 адам эвакуацияланды, оның 85-і – балалар. Кейін құтқарушылар тағы 5 адамды сыртқа алып шықты.
Жалын шамамен 28 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт дер кезінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.
Қызылордадағы балабақшалардың бірінде өрт болып, 93 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Фото: Gemini ИИ