Алдын ала деректерге сүйенсек, құрбандардың қатарында бір мұғалім мен үш оқушы бар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Шабуыл жасаған адамның осы оқу орнының оқушысы екені анықталған.
Оқиға жергілікті уақытпен шамамен сағат 14:00-де орын алған. Оқиға орнына полиция мен жедел қызмет өкілдері дереу жетті. Белгілі болғандай, күдіктіні мұғалімдердің бірі ұстап алған.
Соңғы күндері Түркия мектептерінде мұндай жағдай екінші рет тіркеліп отыр. Бұған дейін Шанлыурфа провинциясы аумағында да осындай атыс оқиғасы болған еді.
Түркиядағы мектептердің бірінде тағы да қарулы шабуыл болып, 4 адам қаза тапты
Фото: Gemini ИИ