Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесуі өтті

Фото: ТЖД

Қарағанды облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы 13 сәуірде қауіпті өндірістік объектілер басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде мемлекеттік бақылау барысында заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Осындай фактілерге жедел әрекет ету мақсатында қатысушыларға құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі түсіндіріліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бірыңғай сенім телефонының жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.

Кәсіпорын басшыларына тексеруші органдар тарапынан орын алуы мүмкін барлық құқыққа қайшы әрекеттер, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе өзге де сыбайлас жемқорлық көріністері туралы дереу хабарлау ұсынылды.

Қарағанды облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы ашықтықты, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету қызметтің басым бағыттарының бірі екенін атап өтеді.