Аукционда өтпей қалған Mercedes-Benz S450 автокөлігі Астана қаласы полиция департаменті балансына тапсырылды. Сонымен қатар, 2024 жылғы Haval H6 GT көлігі де осы мекемеге берілген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ал, құны шамамен 79 миллион теңге тұратын Lexus LX 600 автокөлігі Қаржы мониторингі агенттігі теңгеріміне өтті.
Жалпы, тәркіленген үш көлік те сатылмай, мемлекеттік органдарға тегін берілген. Қалған мүліктер әзірге сатылмаған және қабылданбаған.
Еске салайық, сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған.