Оқиға 3 ақпанда болған. Лаура Досова баласымен бірге автобусқа мінген кезде жүргізуші есікті жаппай қозғалып кеткен. Соның салдарынан әйел баласымен бірге жолға құлап түскен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шегушінің оң аяғы екі жерден сынып, денесіне 28 тігіс салынған. Қазір ол бір айдан астам уақыт мүгедектер арбасында жүр. Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін оған ешкім келіп, кешірім сұрамаған.
Аталған факті бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей жолға шыққан.
Түркістан қаласында автобус есігі жабылмай, жолаушы жолға құлап ауыр жарақат алды
Фото: Life09