Полицей 3 жасар баланы айдаладан тауып алды. Оқиға 8 сәуір күні Абай облысы Ақсуат ауданында болған. 3 жастағы бала үйдің ауласына шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Кейін оны туыстары іздеп, таппаған соң полицияға хабарлаған. Полицейлер бір сағаттай іздеп, баланы айдаладан тауып алған. Ол елді мекеннен алыс жерге кетіп қалған екен. Бала аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Дереккөз, видео: t.me/stankznews