Қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурызда көпқабатты үйлердің бірінде болған.
«26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бағытында кешенді жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Полиция қызметкерлерімен оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда», - дейді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Қарағандыда 38 жастағы әйел мен жасөспірім қыздың мәйіті табылды
Фото: Canva