BANNER

15 наурызда Қарағандыда автобустарда тегін жүруге болады

Фото: Gov.kz

Референдум күні — 15 наурызда Қарағандыда қалалық және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік жексенбі күннің кестесі бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ Абай, Балқаш, Қарқаралы, Саран, Приозерск, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сонымен қатар Нұра және Ботақара кенттерінде қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

16 наурыздан бастап автобустар қалыпты режимде қатынайтын болады.

Дереккөз: Gov.kz