BANNER

Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті

Фото: referendum2026.kz

Жамбыл облыстық Достық үйінде жалпыхалықтық коалиция мүшелерінің этномәдени бірлестіктердің белсенді жастарымен кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңыздылығын жастар арасында насихаттау болды.

Іс-шараға облыстық жалпыхалықтық коалиция мүшелері Ерғали Әбуғали, Зайнуддин Махусеев, Хамида Турдыева және этномәдени бірлестік өкілдері мен ЖОО, колледждерінің білімгерлері, студенттік ассамблея жастары қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформалардың мәні, оның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі және қоғамдағы әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі нормалары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Жастар өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарына жауап алды. Спикерлер азаматтардың референдумға белсенді қатысуы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. 

Дереккөз: referendum2026.kz