BANNER

Қазақстанда педагогтердің 81,9%-ы әйелдер

Фото: ЖИ Gemini

Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында білім беру саласындағы әйелдер туралы статистика жариялады. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді.

101 789 - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;

342 352 - орта білім беру ұйымдарында;

2 382 - түзету-білім беру ұйымдарында;

13 239 - қосымша білім беру ұйымдарында;

29 117 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;

4 059 - арнайы білім беру ұйымдарында.