BANNER

Шымкенттегі көпқабатты үйден бес адамның мәйіті табылды

Фото: ЖИ ChatGPT

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің үш бірдей пәтерінен бес адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газдан уланып көз жұмған болуы мүмкін. Марқұмдардың ең кішісі – 16 жаста, ал үлкені – 32 жаста, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше түскі сағат 13:00 шамасында белгілі болған. Үшінші қабаттағы пәтерден 18 жастағы студент қыздың денесі табылса, шамамен екі сағаттан кейін төртінші қабаттағы тағы екі пәтерден үш адамның мәйіті анықталған.

Аталған дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.