BANNER

Шымкентте баланың асқазанынан шаш алынды

Фото: Gemini ИИ

Шымкент қаласында 8 жастағы балаға шұғыл ота жасалып, асқазанынан ірі көлемдегі шаш жиынтығы алынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына 7 күн бойы ішінің ауырғаны, тәбетінің болмауы және құсу белгілерімен түскен. Соңғы күндері мүлде тамақ ішпегені анықталған.

Тексеру кезінде дәрігерлер асқазан тұсынан бөгде түзілісті байқап, операция жасау туралы шешім қабылдаған. Хирургиялық араласу барысында асқазаннан тығыз шаш массасы шығарылды. Медицинада бұл құбылыс трихобезоар деп аталады.

Мамандар мұндай жағдай сирек кездесетінін айтады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.