BANNER

Шымкенттіктерге миллиондаған залал келтірген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Фото: ЖИ Gemini

Шымкенттіктерге миллиондаған залал келтірген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды.

Тергеу дерегіне сәйкес, 2019-2020 жылдары күдікті Шымкент қаласының 4 тұрғынының ақшасы мен жер учаскелерін иемденген.

Осылайша оларға 95 млн теңге көлемінде залал келген.

Күдікті халықаралық іздеуге жарияланған.

Кейіннен ол Түркия аумағында ұсталып, елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.