Жабылу салтанатында көк Туды ел намысын абыроймен қорғап, қоржынға жалғыз алтын медаль салған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салтанатты түрде алып шықты. Бұл сәт жанкүйерлер үшін ерекше мақтаныш пен толқынысқа толы болды.
Кештің көркіне айналған әсерлі қойылымға 800-ден астам әнші, музыкант және биші қатысып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Арнайы көпдеңгейлі LED-сахна заманауи технологияның мүмкіндігін паш етсе, италиялық опера дәстүрінде тігілген костюмдер салтанатқа айрықша сән мен рухани тереңдік қосты.
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарын жалпыкомандалық есепте 19-орынмен түйіндеді
Фото: Сали Сабиров, НОК РК

