18 ақпанда сағат 15:00-де Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Көрмеде Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке қорындағы 70-тен астам музыкалық аспап пен сахналық жәдігер көпшілік назарына ұсынылады. Экспозицияда түрлі елдердің мәдени мұрасын айшықтайтын бірегей бұйымдар бар.
Көрменің басты мақсаты – өнер арқылы халықтарды жақындастыру, әншінің халықаралық жетістіктерін таныстыру және ұлттық музыканың маңызын дәріптеу.
Іс-шара соңында Димаш бала күнінен қолынан түспеген жеке домбырасын музей қорына салтанатты түрде табыстайды.
