«Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегікомиссияның мүшесі Андрей Лаврентьев металлургиялық комбинаттың еңбекұжымымен кездесті. Ашық диалог барысындаҚазақстан Республикасының жаңаКонституциясы жобасының негізгі ережелеріжәне олардың ел дамуына, өнеркәсіптіңөркендеуіне, құқықтық мемлекетті нығайтуғажәне еңбек адамының құқықтарын қорғауғаықпалы талқыланды.
«Жаңа Конституция — ел болашағыныңберік іргетасы. Оның негізінде әділет, заңжәне адамға құрмет қағидаттары жатыр. Еңбек адамдары үшін мемлекет баршағаортақ әрі түсінікті ережелерді қамтамасызетіп, азаматтардың құқықтарын қорғап, даму мүмкіндіктерін жасауы аса маңызды. Күшті, тұрақты және әділ мемлекет дәлосындай қағидаттарға сүйеніп құрылады», — деп атап өтті Лаврентьев.
Мемлекет басшысы Qarmet ұжымының еңбегінжоғары бағалайды. Компания отандықөнеркәсіптің тірек кәсіпорындарының біріретінде ел экономикасының дамуына елеуліүлес қосып келеді.
35 мың адамнан тұратын Qarmet еңбек ұжымыжүргізіліп жатқан реформалар мен алдағыреферендумды қолдайтынын білдірді. Ұжымөкілдері Конституцияның жаңартылуы қазіргіқоғамның негізгі құндылықтарын — заң мен тәртіпті, адам мен азаматтың басымдығын, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды, еңбек етуқұқығын, білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктерін айқындайтынын атап өтті.
Металлургтер адамға бағытталған тәсілдіконституциялық деңгейде бекіту құқықтықкепілдіктерді күшейтіп, әділ әрі болжамды орта қалыптастыратынын, қоғамдық сенімдіарттырып, өнеркәсіптік дамудың тұрақтылығынқамтамасыз ететінін атап өтті.
Компания ұжымы атынан Болат департаментінің директоры, жалпы еңбек өтілі150 жылдан асатын атақты металлургтерәулетінің өкілі Андрей Берг сөз сөйледі: «Бізелдегі реформаларды толық қолдаймыз. ЖаңаКонституция тұрақтылықтың, әділеттілік пен дамудың ұзақ мерзімді негізінқалыптастыратыны біз үшін маңызды. Өзтарапымыздан адал еңбек етіп, өнеркәсіптікәлеуетті нығайтып, еліміз бен компаниямыздыңдамуына үлес қоса береміз»- деді ол.
Бүгінде Qarmet компаниясы өндірістікқуаттарды технологиялық жаңғыртуға, тиімділікті арттыруға және адами капиталдыдамытуға бағытталған ұзақ мерзімді «5-9-5» модернизация бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама аясында кадр даярлау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жәнезаманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізужұмыстарына ерекше мән берілуде. Бұл білім, ғылым және инновацияны дамытуғабағытталған мемлекеттік саясатпен үндеседі.
Кәсіпорын ұжымы референдумға қатысудыжоғары азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағын қалыптастыруға саналы түрдеатсалысудың көрінісі деп санайды. Металлургтер жаңа Конституция Қазақстанныңмемлекеттік негіздерін нығайтып, еңбекадамының құқықтарын қорғауға және елдіңұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге сенімдітірек болады деп есептейді.
Qarmet компаниясының еңбек ұжымыҚазақстан Республикасының жаңаКонституциясына қатысты референдумды қолдайды
Фото: Qarmet
