BANNER

Жаңа Конституция: өндіріс орындарындағы жұмысшыларға нақты кепілдіктер

Фото:Life09

Жаңа Конституцияның нормалары өндірісорындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлікмәнге ие. Бұл туралы Конституциялықреформа жөніндегі комиссияның тоғызыншыотырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді.

«Еңбек адамы – экономиканың құралыемес, мемлекеттің басты құндылығы. ЖаңаКонституция жобасының негізгі идеясы — мемлекет үшін ең қымбат нәрсе өндіріс көлемінемесе пайда емес, адамның өзі. Жобадаәркімнің: еңбек етуге, қауіпсіз жағдайда жұмысістеуге, еңбегі үшін кемсітусіз әділ ақы алуғақұқығы конституциялық деңгейде бекітіледі», –деді ол өз сөзінде.

Максим Рожинның айтуынша, жаңа Ата заңның жобасында еңбек саласына тікелей қатысты бірқатар маңызды жаңашылдықтар қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттің еңбекке құқықты конституциялық деңгейде бекітуі ерекше маңызға ие. Сондай-ақ қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқықты заң жүзінде айқындау көзделген. Бұл нормалар жұмыс барысында туындауы мүмкін кәсіби аурулардың алдын алуға, өндірістік жарақаттануды азайтуға, сондай-ақ азаматтардың еңбекке қабілеттілігі мен өмір сапасын сақтауға бағытталған. 

«Мұндай нормалар еңбек қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік міндетін – мемлекет пен жұмыс берушінің конституциялық міндеті деңгейіне көтереді. Әсіресе негізінен жалдамалы жұмыскерлерден тұратын әлсіз салаларды реттеудің нақты тетігін қалыптастырады», – деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Адал еңбек үшін әділ сыйақы алу құқығының әлеуметтік маңызы зор. Бұл норма азаматтардың еңбегі кәсіби өлшемдерге сай әділ бағаланатынына кепілдік береді. Рожинның айтуынша, қарапайым азаматтар үшін бұл тұрақты жұмыспен қамтылу, қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбегі үшін әділ ақы алуға деген сенімнің нығаюын білдіреді.