Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өскемен қаласының аумағында ауаның сапасын анықтау мақсатында көшпелі мониторинг жұмыстары жүргізілді. Өңірде бес күн қатарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталуда.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20–40 пайызға дейін төмендеткен. Соған қарамастан, әкімдік өкілдері ауа сапасы орташа деңгейде бағаланып, тұрғындардың денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Алайда сақтық шарасы ретінде Өскемен қаласындағы 0–11 сынып оқушылары бірінші және екінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Өскеменде ауа сапасына мониторинг жүргізіліп, оқушылар қашықтан оқуға көшті
Фото: Canva
