BANNER

Air Astana Шанхайға тікелей рейстер ашады

Фото: Gemini ИИ

Air Astana әуе компаниясы биылғы жылдың 29 наурызынан бастап Алматы – Шанхай бағытында тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.. Ұшулар аптасына үш рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін ұлғаяды.

Жаңа бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды, іскерлік қатынастар мен туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін береді деп күтілуде.