BANNER

Жол инфрақұрылымы: Жаңа технологиялар қолданысқа енгізілді

Фото: сюжеттен стопкадр

Қарағанды облысында жол инрақұрылымын жақсарту мақсатында жаңа технологиялар кеңінен қолданылып жатыр. Мысалы, "Сары-Арқа" әуежайына кіретін қар басу қаупі жоғары учаскелерге композиттік қар ұстайтын қоршаулар орнатылды. Қысқы сынақ қорытындысы бойынша жылжымалы, жаңа тіректі қоршаулар тиімді деп танылса, келешекте өңірлік трассаларда үздіксіз қозғалыс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар басатын учаскелерге де қолданылатын болады.

Қыс мезгілінде Қарағанды облысындағы республикалық трассалардың жай-күйіне "ҚАЖсервис" компаниясы жауап береді. Оларда қар тазалағыштар, шнекороторлар, Аралас машиналар, автогрейдерлер және басқа да техникалар бар. Қысқы жол күтімі «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» да мониторинг жүргізіп отырады.

Ал, Саран – Шахтинск трассасында жүру кезінде салмақты тіркейтін жүйе енгізілді, ол жүк көліктері салмағының асып кетуін анықтайды. Тағы бір жоба -Jol Scan деп аталады. Бұл жүйе жолдардың сапасы сын көтермейтін учаскелерін анықтайды. Пилоттық кезеңде 200 шақырым жол сканерленіп, 500-ден аса ақау тіркелген. Бұл деректерді жинау үшін 80 жедел жәрдем көлігі бейнекамерамен жабдықталды.

Қарағанды облысында 2025 жылы 637 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Құрылыс сапасын «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» бақылауда ұстады.

Жол инфрақұрылымына жаңа технологияларды енгізіу жұмысы жалғасуда. Бұл мобильділікті арттыруға жағдай жасап, өңір экономикасының өсуіне оң әсер етеді.