BANNER

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Фото: Life09

Алматыда №92 автобус жүргізушісі рейс кезінде қайтыс болды. Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға 25 қаңтар күні сағат 14:35-те Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

"Автобус бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған сәтте жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлаған. Сол кезде жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басып, жол-көлік оқиғасының алдын алды", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел медициналық көмек шақырылғанымен, 55 жастағы жүргізушіні аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала диагноз – жедел миокард инфарктісі.

Әкімдік дерегінше, жүргізуші сол күні таңғы 06:10-да рейс алдындағы міндетті медициналық тексеруден, ал автобус 06:24-те техникалық тексеруден өткен.