Мемлекет басшысы қысқа уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. «Біз Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның іргесін бірге қаладық. Сіздер еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани болмысын жаңғырту жолында зор еңбек еттіңіздер. Мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қостыңыздар. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында бірлесе қызмет ете береміз деп сенемін», — деді Президент.
Президент келесі Парламенттің атауына да тоқталып, оны «Құрылтай» деп атау ұлттық сана үшін мәні терең, игі нышан болатынын айтты.
Дереккөз: Aqorda.kz
