BANNER

Президент 21 жастағы қыз Нұрайдың қазасына қатысты пікір білдірді

Фото: Әлеуметтік желіден

Президент Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің оқиғасына тоқталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полициясының әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

Құрылтай мүшелерінен осы қайғылы оқиғаға қатысты өтініштер түскенін атап өтті.

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. 28 жастағы күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.