BANNER

Президент ең өзекті мәселелерді қозғады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында өзекті мәселелерді көтерді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq_kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудомания, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес басталды. Аномастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді.Ұрпақтың болашағына зиян келтіретін кеселдерге барынша тосқауыл қойдық.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Арал мәселесін де көтерді.

Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқтамай кету мүмкін емес. Қазір Аралды биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба жыл соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін қайтаруға мүмкіндік болады.

Президент былтыр бүкіл Орталық Азия аймағында Қазақстанның рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін атап өтті.

Ұлттық қордың валюталық активтері 5 млрд долларға ұлғайды. Алтын валюталық қорымыз 65 млрд доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%-ға жақындады.

Сондай-ақ Президент демографиялық көрсеткіштің жоғарылағанын да атап өтті:

Халық саны 20,5 млн-ға жуықтады. Адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті.