BANNER

Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық кездесу өтті

Фото: Life09

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Приозерск қаласында еңбек ұжымдары арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Спикер ретінде Жомарт Сүлейменұлы Абишев – жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ағартушылық пулдың мүшесі сөз сөйледі.
Кездесу қатысушылары – «ЕР – ТАЙ ПРИОЗЕРСК БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ» ЖШС қызметкерлері болды.

Іс-шара барысында жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, еңбек ұжымдарындағы ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу мәселелері қарастырылды.

Мұндай кездесулер құқықтық сананы нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және қоғамда адалдық, ашықтық пен әділдік құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдіге