BANNER

Алматы облысындағы жол апатынан қазақстандық бес спортшы қаза тапқаны белгілі болды

Фото: ИИ Canva

Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда қайғылы жағдай орын алды. Бішкекте өткен құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен келе жатқан қазақстандық спортшылар жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікте болған спортшылардың барлығы зардап шекті.

Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті және жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов бұл деректі растады.

Қаза тапқандардың аты-жөні:
    •    Асыл Ибраимов – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы;
    •    Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиялық ойындар мен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
    •    Сәкен Смағұлов – құлағы естімейтін футбол құрамасының ойыншысы;
    •    Сергей Волковинский – ұлттық құраманың ардагері;
    •    Серік Молдашев – құлағы естімейтін футбол құрамасының мүшесі.

Полицияның хабарлауынша, апат 129-шы шақырымда орын алған. Honda Odyssey маркалы микроавтобус HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, ауыр соққыдан бес адам оқиға орнында қайтыс болды.