BANNER

Қарашаның жиырмасына арналған жұлдыз жорамал

Фото: Life09

Life09 ақпарат агенттігі, жиырмасыншы қарашаға арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

Тоқты: Көп ойланбауға тырысыңыз. Ұзақ ойлану сізді ақшадан қағады. Егер өзіңізге сенімді болсаңыз ақшаны дұрыс жерге жұмсауға қорықпаңыз.

Торпақ: Барлығы оңынан болатын күн. Бүгін сіз көлік немесе үй алуыңыз мүмкін. Үлкен көлемдегі ақша келе жатыр сізге. Қуаныштан жедел шешімдер қабылдануы мүмкін, бірақ бұл тек жақсылыққа алып келеді.

Егіздер: Басыңыз ауырып өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Үйден шықпай, тыныққаныңыз дұрыс. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Өтірік айтпауға тырысыңыз.

Шаяндар: Береке мен қуаныш қатар жүретін күн. Барлық болып жатқан жағдайды жеңіл қабылдаңыз. Ағайын-туысқа, ата-анаңызға қоңырау шалып олардың жағдайын білген жөн.

Арыстан: Бүгін сіз үшін үлкен мәселелер шешілетін күн. Осы күнге дейін шешімін таппай жүрген мәселелердің жауабын табасыз. Жақсылық жасауға тырысыңыз.

Бикештер: Бүгін сіз өмірлік серігіңізді жолықтыруыңыз мүмкін. Жаңа таныстықтар, жаңа достар, жаңа жұмысқа ауысу ықтималдығы жоғары. Қандай шешім шығарсаңыз да өзіңізге сенімді болыңыз.

Таразы: Бұл күн сіз үшін эмоцияға толы болады. Тыныштықта болғаныңыз дұрыс. Жеке қалып ойланатын уақыт. Асығыс шешім қабылдамаңыз.

Сарышаян: Жақындарыңызға көңіл бөлетін күн. Жақсы сөздер айтуға, күліп жүруге тырысыңыз. Жағымсыз жаңалықтар бұл күні сізді айналып өтеді. Жақсы достар, өмірлік серігіңізді табуға қолайлы күн. Жаңа таныстықтарға жол ашық.

Мергендер: Қаржылық жағдайыңыз жақсаратын күн. Ақша сізге өзі келетін болады. Үлкен көлемдегі тауарларды сатып алуға асықпағаныңыз дұрыс.

Тауешкілер: Күн қуанышқа толы болады. Ештеңеден қорықпай шешім шығаратын күн. Жұмысқа қатысты тез шешім шығармағаныңыз жөн. Бұл күн, жаңа белеске бастайтын күн болуы мүмкін.

Суқұйғыштар: Аптаның екінші жартысы сіздер үшін жақсы басталады. Қарызға ақша бермеуге тырысыңыз, бұл сіздердің энергияларыңызды ұрлауы мүмкін. Күнді көңілді өткізуге тырысыңыз. Жақын адамдарыңызға хабарласып қоюды ұмытпаңыз.

Балықтар: Балықтар сіздер үшін бейсенбі берекелі өтеді. Ешкіммен ұрыспауға, сөз таластырмауға тырысыңыздар. Таңертең көңіл күйлеріңізді бұзатын жаңалықтар болуы мүмкін, бірақ бұған көңіл аудармаңыз. Жақсы жаңалықтар болады, күтіңіз.