BANNER

ТЖМ қызметкерлері өзенге құлап кеткен адамды құтқарды

Фото: Life09

Абай облысы Үржар ауданында 69 жастағы ер адам Шошқалы өзенінің жағасында серуендеп жүріп, кенет аяғы тайып суға құлаған,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел-құтқару жасағының көмегімен зардап шеккен азамат құтқарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына табысталды.

ТЖМ су қоймаларында, әсіресе суық мезгілде болған кезде өте сақ болуға және тайғақ, тұрақсыз жағалауларда серуендеуден аулақ болуға шақырады.