BANNER

Қарағандыда қараша айында «Бизнес және әзірлеу» атты IT-неконференциясы өтеді

Фото: terriconvalley

28 қараша күні Қарағандыдағы «Террикон алқабы» IT-хабы (Алалыкин көшесі, 12) алаңында неконференция өтеді. Шара IT мамандарына, студенттерге және ақпараттық технологиялар, мансап пен кәсіби даму саласына қызығушылық танытатын барша қатысушыларға арналған ашық форматта ұйымдастырылады.

Қатысушыларды түрлі бағыттағы сарапшылардың тәжірибе алмасуы, пікірталастар пен ашық сұхбаттар күтіп тұр. Іш-шара бкрысында бағдарламалау, тестілеу, киберқауіпсіздік, HR және бизнес-процестерді дамыту тақырыптары қамтылады.

Спикерлер қатарында:

Нұрлан Кенжебеков, Senior Developer – «Test Driven Development-ке көшу»;

Нұрасыл Қасымов, QA Engineer – «Техникалық білімі жоқ адамға IT саласында тағылымдамадан өтіп, мансапты қалай бастауға болады»;

Кирилл Щеглов, AppSec маманы – «Қолданба қауіпсіздігі және жасанды интеллекттің рөлі»;

Әсем Ахметова, Recruitment Lead – «Халықаралық жобаларға мамандарды іріктеудің ерекшеліктері»;

Еңілік Тазабек, Learning & Development Manager – «IT-мектептер бизнестің таланттарды табуына және дамытуына қалай көмектеседі»;

Айгерім Қаппасова, бизнес-талдаушы – «Global Helpdesk: жасанды интеллект және сұраныстарды автоматты бағыттау жүйесін енгізу».

Іс-шара Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өтеді.

Қатысу тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет. Тіркелу сілтемесі: terricon.kz.

Формат — офлайн және онлайн. Басталуы — сағат 18:30-да