Несиесі мен берешегі бар азаматтар өз қаржысын тиімді басқаруды және дұрыс жоспарлауды үйрене алады. Қарағанды облысында Amanat партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» («Общество без долгов») жобасы осы бағытта табысты жұмыс жүргізіп келеді.
Жобаның мақсаты – азаматтарға қаржылық сауаттылықты меңгеруге, қарыз жүктемесін азайтуға және өмір сапасын жақсартуға көмектесу.
Бағдарлама екі негізгі бағыттан тұрады: тегін оқыту курстары және заңгерлік көмек көрсету. Соңғысы несиесін 90 күннен астам уақыт өтей алмай жүрген, яғни «қарыз тұзағына» түскен азаматтарға арналған.
Жобаның Instagram-парақшасында – @qaryzsyz_qogam – нақты адамдардың өмірінен алынған оқиғалар жарияланады. Онда заңгерлердің көмегімен банкроттыққа өтініш берген, шоттарындағы бұғаттауларды алып тастаған және қаржылық жағдайын реттеген адамдардың мысалдары келтірілген.
Мысалы, жобаның көмегіне жүгінген тұрғынның несиелік берешегі 5 миллион теңгеден асып кеткен. Бәрі алғашында қарапайым автонесиеден басталған. Алайда, уақыт өте келе төлем жасау мүмкіндігі болмай, жағдай қиындаған. Сарапшылар оған барлық қажетті құжаттарды жинап, банкроттық рәсімін бастауға жәрдемдесті.
Жоба аясында азаматтарға коллекторлардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу, несиені қайта құрылымдау, сондай-ақ құқықтық және қаржылық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады.
Қаржылық сауаттылық бойынша тегін онлайн-оқыту qogamfin.kz сайтында қолжетімді. Порталда жеке қаржыны басқару, заңнамалық білім және коллекторлармен өзара әрекет ету жөніндегі бейнесабақтар мен практикалық кеңестер жинақталған. Курстарға кез келген адам тіркеліп, телефон нөмірі арқылы еркін қатыса алады.
Сонымен қатар, жоба шеңберінде офлайн-оқыту сабақтары да ұйымдастырылып келеді.
Қаржылық кеңес алу немесе тегін оқыту курстарына жазылу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
8 700 855 85 85, 8 708 808 01 54
WhatsApp: 8 700 023 01 44.