BANNER

Қарағандылықтарды киізден құрғақ әдіспен бұйым жасауға арналған тегін шеберлік сабағына шақырады

Gov.kz

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы барлық қала тұрғындарын арт-шеберханаға қатысуға шақырады. Мұнда қатысушылар киізден құрғақ тәсілмен бұйым жасаудың негізгі қыр-сырын үйренеді. Тегін шеберлік сабағын «Шеберлер клубының» төрайымы Лариса Солощенко өткізеді. Сабақ бұл істі енді ғана меңгере бастаған жандарға арналған.
Шеберлік сабағы 7 қазан күні сағат 14:00-де өтеді. Қажетті материалдарды өзіңізбен бірге алып келу қажет: түрлі түсті жүн, №38–40 өлшемді киіз басу инелері, үлкен төсеніш және поролон.

Алғашқы сабақта қатысушылар қарапайым үлгіден бастайды – шебер киізден шие немесе құлпынай пішінін жасауды үйретеді. Негізгі тәсілдерді меңгерген соң, қатысушылар өз қолдарымен жұмсақ ойыншық жасауға тырысып көреді.
Гоголь атындағы кітапхана Ерүбаев көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.