Қазақстан кәсіпқой боксының аңызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин (42-2-1, 37КО) Халықаралық бокс Даңқ залының (IBHOF) жаңа мүшелігіне үміткер атанды. Бұл туралы Boxingscene мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
2026 жылғы Даңқ залына үміткерлер қатарында Головкиннен бөлек америкалық Вернон Форрест және ирландиялық Стив Коллинз бар.
Америкалық басылым атап өткендей, Геннадий Головкин орта салмақта WBA, IBF және WBC нұсқалары бойынша ұзақ жылдар бойы чемпиондық атақтарын қорғап, көрермендерге есте қаларлық жекпе-жектер сыйлады. Соңғы кездесуін ол 2022 жылы өткізген. Үш жыл бойы рингке шықпағандықтан, қазақстандық боксшы аңыздар қатарына қосылуға лайық деп танылды.
Вернон Форрест (41-3, 29КО) жартылай орта және кіші орта салмақта әлем чемпионы болған. Соңғы жекпе-жегін 2008 жылы өткізіп, бір жылдан кейін қаза тапты. Ал Стив Коллинз (36-3, 21КО) 1990-жылдары орта және супер орта салмақта WBO титулдарының иегері атанған.
Әйелдер арасында үміткерлер қатарында жапондық бес дивизион чемпионы Наоко Фудзиока (19-3-1, 7КО), Германияның екі дивизиондағы әлем чемпионы Кристина Хаммер (28-1, 13КО) және мексикалық Джеки Нава (40-4-4, 16КО) бар.
Даңқ залына мүшелікке дауыс беру қорытындысы желтоқсан айының басында белгілі болады.