BANNER

Астанада 14 адам ұсталды: Ішкі істер министрлігі себебін айтты

Сурет: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі Астанада превентивтік негізде қылмысты анықтау және бейтараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қыркүйек айында полиция қызметкерлері өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, қорқытып ақша алған елорда тұрғынын ұстады. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленді.

Cондай-ақ, Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйелдің әрекетінің жолы кесілді. Күдікті танысып, кездесуге барып, зорланғаны туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Ұстау кезінде одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды.

Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды.