BANNER

Мал бағуға кеткен 38 жастағы ер адам бір айдан бері табылмай жатыр

Stan.kz

Оқиға Түркістан облысында болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жетісайдан Шардараға қой айдауға кеткен 38 жастағы Мақсат Атабаев іс-түссіз жоғалып кеткен.

Оның анасы ұлын бәз біреулер құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді. Баламды тапқан адамға сүйіншім де дайын, дейді көз жасына ерік берген ана.

Жоғалған азамат үйленбеген. Анасымен бірге тұрады. Осы күнге дейін әркімге жалданып, жұмыс істеген. Полиция іздестіру жұмыстары тоқтамағанын, істің өз бақылауында екенін жеткізді.