BANNER

Министрлік электросамокаттарға бақылауды күшейтпек

Фото: Google

Мұны Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Оның сөзінше, кикшеринг компаниялар самокаттар тротуарда сағатына 6 шақырымнан артық жүрмейді деп уәде еткен. Алайда іс жүзінде талап сақталмаған.

Енді ведомство компания басшыларына қатысты заң аясында шаралар қабылдамақ. Сондай-ақ самокаттарды жалға беру қызметтері өкілдерімен кездесіп, жағдайды ретке келтірмек.