BANNER

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Автор суреті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсеннің төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Кеңес барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген қашықтан бақылау жұмыстарының нәтижелері қаралды.

Сонымен қатар Бұқар жырау ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті де жүргізілген жұмыстар және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсынымдар берді.