Оқиға былтыр тамыз айында Түркістан облысында болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мақтараладан Жетісайға бет алған қыз 45 жастағы алыс туысының көлігіне отырған. Жүргізуші қызға 2 мың теңгеге көлік айдауды үйретемін деген. Осылайша уәдесін орындаған. Алайда қыз келесі күні шыққанда оны егістікке апарып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Онысымен қоймай 11 адаммен ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.
Жәбірленуші мұны ата-анасына айтуға қорыққан. Алайда араға 8 ай салып қарсылық көрсеткен. Сол кезде ер адам оның видеосын ауылға таратып жіберген. Қыздың отбасы сұмдық жағдай туралы сонда ғана білген.
Олар полицияға арыз түсірген. Бірақ полиция қызметкерлері тек бір адамды ұстаған. Онда да, күдіктіні азғындық үшін емес, видеоны таратқаны үшін жауапқа тартпақ. Полиция зорлау фактісі анықталмады деген қорытындыға келген. Бірақ жәбірленуші тарап 12 адамның жауапқа тартылуын талап етіп отыр.