Оқиға 7 тамыз күні FlyArystan әуе компаниясының Ақтөбе-Алматы рейсінде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жолаушының сөзінше, ұшақ қонып жатқан кезде белгісіз біреу ұшқышқа лазерь бағыттаған. Кадрлардан алыс қашықтықта жанып жатқан жасыл түсті жарықты байқауға болады. Ол бір орында емес, әртүрлі бағытта қимылдайды.
Бұл оқиға жолаушылар лайнерінің экипажын лазермен соқыр етуге қатысты жаңа заң күшіне ену қарсаңында болды. Заң жүзінде мұндай әрекет үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін соттау жазасы қарастырылған.