BANNER

"Жасөспірімді темекі мен тамақ тауып келуге мәжбүрлеген"

Stan.kz

 

Бос қайтса үйіне кіргізбеген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жантүршігерлік жағдай Атырауда болған. 14 жастағы бала мен үш жасар қыз әлеуметтік жауапкершілігі төмен отбасыда өскен.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, балалардың анасы ішімдік ішеді. Ал әйелдің ағасы еш жерде жұмыс істемейді. Пәтерге бейтаныс адамдар мас күйінде келіп, балалар қараусыз қалады екен. Көршілер жағдайды көзбен көрсе де, ештеңе істемей жүре берген.

Полиция екі баланың отбасыдан тартып алынғанын хабарлады. Жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, үш жасар қарындасы сәбилер үйіне орналастырылған. Енді ата-ананы құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.