BANNER

"Бағаны әдейі төмендетеді": Белгілі кәсіпкер "Яндекс.Такси" бәсекелестеріне Қазақстан нарығына шығу неге қиын екенін айтты

Фото: Google

İnDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский бәсекелестікке кедергі келтіретін факторларды атады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Bolt пен Didi-ге Қазақстан нарығына шығу неге қиын? Нарықта жаңа компания пайда болса, Яндекс Go немесе Uber KZ бағаларды күрт төмендетіп, жүргізушіге берілетін сый-сияпатты арттырып, өздеріне байлап қояды. Бұл жағдай жаңа ойыншыға қиын соғары сөзсіз. Сол себепті нарықтан кетуге тура келеді. Кейін шығындарын қайтару үшін Яндекс бағаларды бұрынғыдан да жоғары қоюы мүмкін. Мұндай тактика үстем компания тарапынан “predatory pricing” яғни бағаны төмендету саясаты деп қабылданады. Бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, бәсекелестікті қорғау заңнамасына қайшы. Бірақ оның орындалуын қадағалау керек”, – деп жазды Томский.

Оның айтуынша, ірі ойыншы тек бағаны төмендету саясатын ғана емес, басқа да тетіктерді пайдаланады.