BANNER

Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланып қалды

Stan.kz

Олардың ішінде екі бала бар,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Дәрігерлердің мәліметінше, барлығы дене қызуының көтерілуі, құсу, диарея, іш ауруына шағымданған. Екі адамды жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.

Науқастар үйіне жапон тағамдары – суши, роллдар алдырып жеген. Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Бактериологиялық талдау жүргізіліп жатыр екен.