BANNER

Биыл 300-ден астам шетел азаматы ұрыдан зардап шекті

© Sputnik / Абзал Калиев

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 14,2 мың ұрлық тіркелді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,1%-ке көп, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жекеменшік мүлікті ұрлауға қатысты. Сонымен қатар 1,1 мың пәтер ұрлығы, 321 қалта ұрлығы және 1,5 мың көлік ұрлығы тіркелді. Жыл басынан бері 112 рет түсті металл ұрланса, 3 мыңнан астам ұялы телефон ұрланған.

"Өңірлік бөліністе Алматы бірінші, Астана екінші, Қарағанды облысы үшінші орында тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді", - деп жазылған материалда.

 

Биыл 12,1 мың адам ұрлықтың құрбаны болды, десе де өткен жылмен салыстырғанда 4 мың адамға аз.

Көбінесе ұрылардан орта жастағы адамдар зардап шекті: 30-39 жас аралығындағы 3,6 мың адам, 40-49 жас аралығындағы 2,8 мың адам және 21-29 жас аралығындағы 1,9 мың адам. Зардап шеккендердің арасында 11 жасқа дейінгі 5 бала бар. Биыл 305 шетелдік ұрылардың құрбаны болды, оның 252-сі ТМД азаматы.

Ұрлық жасағандардың көпшілігі - жұмыссыздар. Жалпы келтірілген шығын 7,7 млрд теңге.