BANNER

"200 мың теңгеден төлеген": Дженнифер Лопестің концертіне билет алған қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болды

Stan.kz

 

Қолында билет болса да, есіктегі тексерушілер бұл билеттердің қолданылғанын, оған дейін дәл сол билетпен басқа келуші кіріп кеткенін айтқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Алыпсатарлардан JLO-ның концертіне 2 билет сатып алдық. Сағат 16:00 келіп алып, кіргізу басталғанын күтіп тұрдық. Бірақ кірерде біздің билеттердің қолданылғанын, басқа келушілердің кіріп кеткенін білдік. Жанымда 200 мың теңгеге билет алып, кіре алмаған тағы 3 әйел тұрды. Олардың билеттері де қолданылған болып шықты”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Билетті сатқан алыпсатарлар “бірінші есікке барыңыз, тыныш өтіңіздер”, “бірінші күзетші қаталдау” деген секілді сылтаулар айтқан. Алайда келушілер бәрібір концертке кіре алмапты.