BANNER

Қостанай облысында үш адам мінген көлік суға батып кетті

Фото: SputnikKZ

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған

Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам өзенге батып кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ішінде оның ішінде кішкентай бала да бар. Оқиға 10 шілде күні Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша көлікте үш адам, оның ішінде бір бала болған.

Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген полиция облыстық полиция хабарламасында.

 

Құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан үш адамның да денесі табылып, шығарылды.